Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» ауылында «Абай-Дәулет» ЖШС бастамасымен бірнеше жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Жаңа жобалардың аясында фри зауыты, наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнімдер цехтары, сондай-ақ жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар мен ағаш бұйымдарын шығаратын өндірістер өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар, «Қызылорда» супермаркеті мен дәмхана ауыл тұрғындарына жоғары сапалы қызмет көрсетуге дайын.
Ауылдағы өндірістердің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, серіктестік басшысы Мұрат Абайұлына «Бесарықтағы» маңызды бастамалары үшін алғысын білдірді. Ауылдың дамуы мен көркеюіне серіктестік соңғы жылдары 730 млн. теңгеден астам инвестиция салды. Биыл ауылдағы жаңа жобаларға 960 млн. теңге инвестиция тартылып, нәтижесінде 25 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұл жобалар ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл экономикасын дамытуға зор үлес қосуда .