«Сыр Ана» монументі алаңында өткен мерекелік шарада 40 қазан палау басылып, қала тұрғындарына тегін таратылды. Мереке «Ауыл – елдің айнасы» айдарымен «Ауылым – берекенің ақ бесігі» атты этно кешімен жалғасты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды қала күнімен құттықтап, палау пісіру сайысының ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртудағы маңыздылығын атап өтті.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам палаушы тіркеліп, олардың арасынан 40-ы іріктелді. Әр аспазға 10 мың теңгеден, жүлде қорына 300 мың теңге бөлінді. 40 қазан палау «Абай-Дәулет» ЖШС қолдауымен Сыр күрішінен, сондай-ақ, сиыр, жылқы, қой, және түйе етінен дайындалды.
Мереке барысында қазақтың дәстүрлері мен ұлттық спорт түрлері насихатталды. Шараға 10 мыңға жуық тұрғын қатысып, Сыр өңірінің мәдениеті мен байлығын атап өтті.